The website color
Distance between letter distance
Images
31.07.2020

Н. Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады


Нұр-Сұлтан, 31 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

- «Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының ең бір қасиетті де ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам бірлігімізді нығайтып, халқымыздың татулығын арттырып, елдігімізді күшейтеді.

Осы қасиетті мерекеде жасаған қайырымды істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын!

Құрбан айттың басты құндылықтары – ол адамдардың бір-біріне жанашырлықпен қарауы, қамқорлық танытып және жақсылық жасауы. Осындай ізгі де мейірімді амалдар бүгінгідей күрделі кезеңде әрбір адамға өте қажет» – деді, Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және әрбір отбасына бақ-береке тiледі.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов)
 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan