Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.08.2017

Мәжіліс депутаты Н.Жұмаділдаева Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті


 

Астана, 17 тамыз, Мәжіліс Үйі. Бүгін ҚХА-нан сайланған Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Облысқа жұмыс сапарымен келген депутат қала мектептерінің мұғалімдерімен және БАҚ өкілдерімен кездесіп, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани» жаңғыру мақаласына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақалада көрсетілген аспектілер – бәсекелік қабілет, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы мәселелерін кеңінен айтып өтті. Бағдарламалық мақаланың облыста іске асу тетіктеріне тоқталып, Қазалы және Қармақшы аудандарында жасалған жұмыстарға оң бағасын берді.

Сонымен бірге, Наталья Жұмаділдаева өзінің депутаттық қызметі туралы айтып өтті. Екінші сессияда атқарған жұмыстары мен қазіргі қаралып жатқан заң жобалары жайлы мағлұмат беріп, облыс тұрғындарынан заң жобаларына өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдауды сұрады. Қабылданған немесе қазіргі қарауда жатқан заң жобаларының халық арасында пайдаланудағы жағдайын зерделеп, қажет болған жағдайда, ұсыныс беріп, жерлестерінің өтініштерін жеткізетінін мәлімдеді.

Кездесуге қатысушылардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі