Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.08.2019

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Twitter әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты


 

Нұр-Сұлтан. 19-тамыз. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халық арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі -  Твиттерде @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты.

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

- Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді.  Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын,-деді Мәжіліс Спикері.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі