Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.08.2019

Мәжіліс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кандидатурасымен келісті


Нұр-Сұлтан, 20 тамыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау туралы Біржан Нұрымбетовтың кандидатурасымен келісті.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Комитет отырысында Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлының кандидатурасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындауға ұсыну мүмкіндігі туралы қорытынды қабылданды.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі