Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.08.2019

Елбасы «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясы жетекшілігіне Нұрлан Нығматулинді ұсынды


 

                Нұр-Сұлтан, 21 тамыз, Мәжіліс үйі. Бүгін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясы жетекшілігіне ұсынды.

Елбасы партияның Мәжілістегі фракциясының жұмысын күшейту қажеттілігіне тоқталып:

-                 Мен басқа елдердегі тәртіпті ескеріп, Мәжілістегі фракцияның басшылығына Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынамын. Ол партияның жұмысын күшейтетініне сенімдімін. Мәжіліс спикері ретінде фракцияның жұмысын үйлестіре алады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент жүйелі проблемаларды шешу үшін бюджет ақшасының жұмсалуын қатаң бақылау туралы заңнамалық бастаманы жүзеге асыру қажеттілігін айтты.

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі