Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.10.2019

Мәжіліске АҚШ Конгресінің делегациясы келді


                Нұр-Сұлтан, 8 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Майра Айсина АҚШ Конгресі Аппаратының делегациясымен кездесті.

                Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымы, одан әрі даму перспективалары, атап айтқанда, парламенттік ынтымақтастық топтары мен делегациялар деңгейіндегі парламенттік байланыстар туралы сөз қозғалды.

                Осы орайда, Мәжілістегі парламентаралық ынтымақтастық тобының және АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның «Достар кокусы» жұмыстарының маңызы атап өтілді.

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген – Жаслан Құспанов.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі