Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.10.2019

Мәжілісте туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер таныстырылды


Мәжілісте туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер таныстырылды

 

                Нұр-Сұлтан, 10 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасына түзетулердің таныстырылымы өтті.

                Құжат туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев баяндады.

                Отырысқа Мәжіліс депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдардың, парламенттік емес партиялардың, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері қатысты.

                Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Қ. Ержан, С. Ахметов, А. Рау, П. Казанцев, Ж. Омарбекова, М. Қазбекова, Д. Еспаева,  басқа да бірқатар депутаттар заң жобасындағы кемшін тұстарға назар аударып, әсіресе, отандық туризмге қатысты өзекті сұрақтарды алға тартты.

                Заң жобасы реттеу құралдарын оңтайландыру, туристік саланы мемлекеттік қолдау шараларын анықтау, сондай-ақ оңтайлы талаптар есебінен шығу туризмінің қызметін реттеу жолымен ішкі және кіру туризмін дамытуды ынталандыру мақсатында әзірленді.

                Жобада келесі бағыттар бойынша түзетулер енгізу көзделген: түсініктер аппаратын жетілдірумен, туризмді жіктеумен, саланы мемлекеттік қолдауды қүқықтық реттеумен байланысты нормаларды қайта қарау; басым туристік инвестициялық жоба институтын енгізу; туризм саласындағы субъектілерді кеңейту; туризм саласындағы инфрақұрылымды дамыту; туризм саласындағы ұлттық операторды институционалдық нығайту; туризм саласындағы реттеуші саясатты жетілдіру; Үкімет пен туризм саласындағы уәкілетті органға және өзге мемлекеттік органдарға тиісті құзыреттер беру.

                Түзетулер қабылданған жағдайда елде туризмді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалады:

1) түсініктік аппаратты жетілдірумен, туризмді жіктеумен, саланы мемлекеттік қолдауды қүқықтық реттеумен байланысты нормаларды қайта қарау;

2) басым туристік жоба институтын ендіру;

3) туризм саласындағы субъектілерді кеңейту;

4) «KazakhTourism» ҰК» АҚ институционалдық нығайту;

5) туризм саласындағы реттеуші саясатты жетілдіру;

6) ҚР Үкіметін, туризм саласындағы уәкілетті органға және өзге мемлекеттік органдарға сәйкес құзырет беру.

                «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау одан әрі Тарас Хитуов жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында жалғасатын болады.

               

                (Мөлдір Мұса, 74-63-04. Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретті түсірген – Сайлау Майлыбаев).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі