Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.10.2019

Н.Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді


 

Нұр-Сұлтан, 11 қазан, Мәжіліс үйі.  Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Палатаның қарауына ратификацилық заң жобаларын талқылау ұсынылды.

Атап айтқанда, ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттамасы бар.

Хаттама ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы алғашқы заң тұрғысынан міндетті халықаралық құжат болып табылады.  Хаттамаға қосылу Қазақстанның БҰҰ-мен басқа да мүше елдерімен Орхус конвенциясын жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастығын нығайтады.

Сонымен қатар, ратификацилық актілердің қатарында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттама бар.

Түзетулерде Тоқмақ және Кең-Бұлын - автожолдарын, Сарытөбе және Аухатты автожолдарын өткізу пункттерінің мәртебесін «екіжақтыдан» «көпжақты халықаралыққа» ауыстыру қарастырылған.

Заң жобасы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуын жақсартады. Оны қабылдау «Қарасу» және «Қордай» автомобильдік өткізу пункттерін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсер етеді. 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі