Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
12.10.2019

Мәжілісмендер елорданы көгалдандыруға ат салысты


 

                Нұр-Сұлтан, 12 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері елордамызды көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

                Республикалық экологиялық науқан аясында халық қалаулылары Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысындағы жаңа «депутаттық аллеяға» 130-дан астам қарағай, қайың, шаған, терек, жөке және мамыргүл ағаштарын отырғызды.

                Көшеттер елордамыздың «жасыл белдеуінде» орналасқан орман бағынан әкелінген. 

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04. Суретті түсірген - Жаслан Құспанов, Сайлау Майлыбаев).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі