Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.10.2019

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге түзетулерді мақұлдады


 

Нұр-Сұлтан, 16 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

Онда депутаттар «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Қаралып отырған Хаттаманы ратификациялау және оның күшіне енуі:

-    ластауыш заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен төгінділері туралы көпқырлы, құрылымдалған және компьютерлендірілген  дерекқорын жасауға;

- ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары, табиғат пайдаланушы-кәсіпорындар туралы ақпаратқа жұртшылықтың қолжетімділігін кеңейтуге;

- қалың бұқараны өздері тұрып жатқан аудандарының ластануы туралы ақпаратпен таныстыруды қамтамасыз етуге;

- халықтың табиғат қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуына ықпал етуге;

- экологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан мен Қырғыз Үкіметтері арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Хаттамамен  Қырғыздың Шу облысының Шу ауданында орналасқан Тоқмақ – автожол және Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан Сарытөбе – автожол, сондай-ақ, Қырғыздың Шу облысының Ыстық-ата ауданында орналасқан Кең-Бұлын автожол және Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан Ауқатты автожол екіжақты өткізу пункттерінің мәртебесін «көпжақты халықаралыққа»  өзгерту бөлігінде Келісімге қосымшаның 2 және 3-тармақтарына өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ, Хаттамамен бірге «Нововоскресеновка – автожол» өткізу пунктінің атауын «Сыпатай батыр – автожол» деп өзгерту көзделіп отыр.

Бүгінгі отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірқатар мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларына депутаттық сауалдар жолдады. Олар И.Аронова, М.Пшембаев, В.Олейник, А.Жамалов, Ш.Хахазов, Д.Еспаева, В.Косарев, Е.Никитинская, И.Смирнова, А.Қоңыров, П.Казанцев.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж. Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі