Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.11.2019

Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күніне арналған парламенттік форум өтті


 

Нұр-Сұлтан. 27 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық конференция өтті. "Президенттік институт: Қазақстандық модель" конференциясын ашқан Мәжіліс Төрағасы жыл сайын Президент күні қарсаңында өткізіліп келе жатқан бұл конференция бүгінде тәуелсіз Қазақстанның жеткен табыстары туралы халықаралық деңгейде диалог құратын ерекше форумға айналғанын айтты.

Н. Нығматулин атап өткендей, алдағы жылы біздің елімізде Президенттік басқару институтының құрылғанына тура 30 жыл толады. Бұл біздің егемен еліміз үшін айтулы белес және тарихи кезең.

- Осы 30 жылда барлық реформалар жоғары деңгейде орындалып, біздің Қазақстанымыз аз уақыттың ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік табысты мемлекетке айналды. Бұл - тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы - Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбектерінің жемісі екені сөзсіз. Бүгінде Елбасының бастамаларын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев/ одан әрі жалғастырып, еліміздің стратегиялық жоспарларын әрі қарай жүзеге асыруда,-деді Нығматулин өз сөзінде.Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқын ортақ мақсатқа біріктірген көреген саясатының жемісі.

Сондай-ақ Н. Нығматулин Елбасының саяси бағыты Қазақстан халқының болашақ табыстарының негізі болып қала беретініне және ол Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен табысты жалғасатынына сенім білдірді.

Палата Спикері Қазақстан өзінің президенттік басқару моделінің арқасында өтпелі уақыттың барлық қиындықтарын жеңіп қана қоймай дамыған 50 елдің қатарына кіргенін атап өтті. Енді Қазақстан ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын алға қойды.

-Елбасы қалыптастырып, алға жылжытқан бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның ұзақмерзімді даму стратегиясы бірліктің, болашаққа деген сенімнің, алдағы табыстар мен жеңістердің кепілі,-деді Нұрлан Нығматулин.

Конференция барысында сөз алған Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мухаметшин,  Болгария Республикасы Халық Жиналысы Төрағасының орынбасары  Веселин Марешки, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Төрағасының орынбасары Аида Касымалиева,  Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Левент Гёк, Атлант Кеңесінің жетекші сарапшысы Ариэль Коэн Қазақстанның Тұңғыш Президентінің туған елін өркендету мен халықаралық қауымдастық деңгейіндегі теңдессіз рөліне тоқталды.

Айта кетейік, конференция барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Конференция жұмысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан, Монғолия, Сербия, Татарстан, Түркия елдерінің парламент өкілдері қатысты. Сонымен қатар, форумға БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ТүркПА, ҰҚШҰ халықаралық ұйымдар мүшелері, АҚШ, Швеция басқа да шетелдік сарапшылар келген. Конференция жұмысы екі панельдік сессия бойынша өтіп, "Елбасы және қазақстандық парламентаризмнің дамуы", "Ақорда: көпвекторлы бағыт" тақырыптарын қамтыды.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі