Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.12.2019

Н. Нығматулин: Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді


 

Нұр-Сұлтан, 10 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. Парламент тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық парламенттік турнирге қазақстандық депутаттармен қатар, Армениядан, Қырғызстаннан, Молдовадан Парламент өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы:

-Біз егемен еліміздің ең мәртебелі, ең ұлы мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте халықаралық шахмат турнирін өткізіп отырмыз. Бұл енді еліміздің абыройын көтеріп жүрген даңқты спортшылармен жыл сайын ұйымдастырлатын дәстүрлі шараға айналады. Ал, алғашқы кездесудің  әлемнің 4-дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың қатысуымен шахматтан басталуы - ол ең алдымен осы танымдық ойын түрінің  дамуына үлес қосумен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, жас ұрпақ арасында, мектеп қабырғасында кеңінен насихаттауға жол ашатыны сөзсіз. Себебі, шахмат - спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді,-деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, аталған турнирге шетелдік әріптес-депутаттардың Нұр-Сұлтанға арнайы келіп, қатысуы парламентаралық ынтымақтастықтың да жоғары деңгейін көрсетеді. 

                Шара барысында Палата Спикері Динара Сәдуақасоваға елеулі еңбегі үшін Парламент Мәжілісінің атынан арнайы алғыс хат табыс етті.

Динара Сәдуақасова 18 тақтада бір мезгілде ойын сеансын өткізді.

Өз кезегінде Динара Сәдуақасова мерейлі мереке қарсаңында Мәжіліс ұйымдастырған аауқымды шараға зор қуанышпен қатысқанын және оның егемендікке деген ерекше құрмет ретінде бағалайтынын атап өтті.

                Ойын қорытындысында бірнеше аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік ойын» бойынша Мәжіліс депутаттары Аманжан Жамалов,  «Үздік жүріс» - аталымында Владислав Косарев, «Жеңіске деген жігер» аталымы бойынша Қуаныш Сұлтанов марапатталды.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі