Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.01.2020

Мәжіліс депутатары Таразда жастарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылады


 

                Нұр-Сұлтан, 24 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Таразда «Жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы» деген тақырыпта көшпелі отырыс өткізді.  

                Іссапары аясында Мәжіліс депутаттары Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандарында бірнеше шағын және орта бизнес нысандарын аралап, жастар ресурстық орталықтарының жұмысымен, сондай-ақ жас кәсіпкерлердің жетістіктерімен танысты.

                Отырыс барысында жастарды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзекті мәселелері, сондай-ақ жастарды жұмысқа орналастыру проблемалары талқыланды.

                Негізгі баяндаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жасады.

                Еліміздің барлық өңірлерінде жұмыспен қамтуға, оның ішінде жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, өзінің бизнес-идеяларын іске асыруға, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге, тегін техникалық және кәсіптік білім алуға (ТжКБ) бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы толық қарқынмен іске асырылып жатыр.

                Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар 24,6 мың жас адамға өзінің жеке ісін ашуға (оның ішінде 3,3 мың – микрокредит, 21,3 мың грант) мүмкіндік берді, оның ішінде Жамбыл облысында – 3,2 мың (оның ішінде 0,5 мың – микрокредит, 2,7 мың грант). Республика бойынша 18,2 мың адам қысқа мерзімді курстардан өтіп, олардың 12,5 мыңы жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, республика бойынша ТжКБ даярлауға 23,1 мың адам жіберілді.

                Көшпелі отырысты қорытындылай келе, Мәжіліс депутаты, бейінді комитеттің төрайымы Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдардың назарын жастарды жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тарту жөніндегі шараларды одан әрі күшейтуге аударды.

                Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар да қатысты.

                Сондай-ақ, халық қалаулылары комитеттің көшпелі отырысының бағдарламасы шеңберінде TED-X форматындағы Жамбыл облысының жастар форумына қатысады. Онда «Жастар жылының» қорытындылары туралы айтылады.

 

                (74-63-04. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратқан.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі