Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.11.2020

Н.Нығматулин: «Астық туралы» заң жобасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған


Нұр-Сұлтан, 24 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды.

Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе: 

-Соңғы кезде пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер шектеу режимдерін енгізді. Сауда-экономикалық байланыстар азайды. Бұл жағдай, әрине, азық-түлік мәселесіне де әсер етеді. Ал, астық мәселесіол бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ. Сондықтан, осы Заң жобасында қаралған астық қорларын сақтауды мемлекеттік қамтамасыз ету, осы саладағы оператордың мәртебесін анықтау туралы нормалар өте маңызды, бүгін өте керек нәрсе, - деді.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түлік астығымен кепілді түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәртебесі мен рөлін заңнамалық тұрғыдан айқындау мақсатында әзірледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі-74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).  


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі