14.01.2021

Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция бойынша кеңестер өтуде


Нұр-Сұлтан, 14 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозицияға кіретін саяси партиялардың фракциялары басшыларының кеңесі өтті. 

«Парламенттік оппозиция» ұғымы қолданыстағы заңнамамен бекітіліп, оның құрамына кіруге Мәжіліске өткен партиялардың мүмкіндігі бар. Ол үшін Палатада тіркелу кезінде партия өзінің парламенттік оппозицияға қатыстылығын мәлімдеуі тиіс.

Дауыс беру нәтижесінде және Мәжіліске берілген хабарламаларға сәйкес, VII шақырылымда парламенттік оппозицияға «Ақ жол» Демократиялық партиясы және Қазақстан халық партиясының депутаттары кірді.

Сонымен қатар, парламенттік оппозиция Мәжілістегі тұрақты комитетті басқарып, өз депутаттарының арасынан екі тұрақты комитеттерінің хатшыларын ұсынуға құқы бар. 

Бүгін «Nur Otan» партиясы фракциясының басшысы Нұрлан Нығматулин, «Ақ жол» фракциясының басшысы Азат Перуашев және Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров кеңес өткізді. Жиында парламенттік оппозиция мүшесінен төраға мен хатшылар сайланатын тұрақты комитеттер анықтады.  

Кеңес қорытындысы бойынша Мәжіліс комитеті анықтайтын фракция жетекшілерінің бірлескен шешімі шығарылады. Онда парламенттік оппозиция тарапынан төраға мен хатшы, сондай-ақ парламенттік оппозициялардан  осы лауазымға бірегей кандидат бекітілген шешім болады.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі