Өмірбаяны

Жеке парағы
ЖАҚЫПОВ Қабиболла Қабенұлы
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қазталов ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтының өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін (1972) тәмамдаған, инженер-құрылысшы; Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірген, саясаттанушы.

Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық экология академиясының академигі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті байқау кеңесінің төрағасы. Құрметті профессор.

Құрылыс материалдары жөніндегі үш кітаптың тең авторы.

1972 жылдан бастап №8 «Оралауылқұрылыс» тресінде жұмыс өндірушісі, бас инженер, ПМК-811-дің бастығы қызметтерін атқарды.

1977-1981 жылдары «Оралколхозқұрылыс» тресінде бас инженер болып еңбек етті.

1981 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.

1983 жылдан – Орал қаласы Халық депутаттары Кеңесінің Өнеркәсіп ауданы атқару комитетінің төрағасы.

1987 жылдан – Қазақстан Компартиясы Орал қаласы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.

1989 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы.

1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін (8 жыл бойы) Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2001 жылдан – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі.

2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы өкілі.

2007 жылдан – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халық-тық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

2014 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

«Құрмет» (1999) және «Парасат» (2009), ІІ дәрежелі «Әулие Даниил» (РФ) ордендерімен, сондай-ақ бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы.

Әскери атағы – полковник.

Отбасы бар. Зайыбы – Баян Сисенқызы Жақыпова (1949 ж.т.), дәрігер аллерголог. Ұлдары – Жасұлан Жақыпов (1974 ж.т.), Аслан Жақыпов (1977 ж.т.). Немерелері – Темірлан (1998 ж.т.), Ерлан (2001 ж.т.), Алан (2002 ж.т.), Дана (2004 ж.т.), Мәдина (2007 ж.т.), Лаура (2008 ж.т.).

Жеке парағы