Өмірбаяны

Жеке парағы
ДҮЙСЕБАЕВ Жексенбай Қартабайұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы
1950 жылы 25 ақпанда Ақмола облысы Шортанды ауданының Күлшін ауылында туылған.

1972 ж. - Волгоград (Ресей) ауылшаруашылығы институтын, ғалым-зоотехник мамандығы, 1990 ж. - Алматы саясаттану және басқару институтын, саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Институт бітіргеннен кейін шаруашылықтарда зоотехник, бас зоотехник, Ақмола облысының Шортанды аудандық ауылшаруашылығы бастығының орынбасары болып қызмет істеген.

1983-1987 жылдары - «Қазақстанға 18 жыл» ұжымшарының төрағасы.

1987-1993 жылдары - Ақмола облысы Сілеті аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, әкімшілік басшысы.

1993-1995 жылдары - Ақмола облысы Ерейментау аудандық әкімшілігінің басшысы.

1995-1997 жылдары - Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі.

1997-1999 жылдары - Ақмола облыстық ауылшаруашылығы департаментінің директоры.

1999-2000 жылдары - Ауылшаруашылығы министрлігі департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары - «Агроцентр Астана» агрофирмасының вице-президенті.

2002-2005 жылдары – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің проректоры.

2005-2006 жылдары- Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі.

2006-2007 жылдары- Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі.

2007 жылғы қыркүйектен төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012 жылғы қаңтардан бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2016 жылғы 25 наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. "Нұр Отан" партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

"Құрмет" орденімен және «Тың және тыңайған жерлерді игеру», «Астана», «Астанаға 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», медальдарымен, марапатталған, ҚР Президентінің алғысы мен «ТМД ПАА-ның» құрмет грамотасын алған.

Жетістігі: еркін күрестен спорт шеберіне үміткер.

Әскери атағы - майор.

Отбасының құрамы:

Зайыбы -Тоқымбаева Гүлмайра Нұргалиқызы - 1950 ж.т., - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде мұғалім.

Ұлы - Дүйсебаев Назымбек Жексенбайұлы - 1976 ж.т., құқық қорғау органының қызметкері.

Ұлы - Дүйсебаев Асылбек Жексенбайұлы - 1979 ж.т., Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Жеке парағы