"Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі"

Қалманбетова Гүлмира Рысбекқызы
Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1972 жылы 22 сәуірде туған.

Білімі жоғары: Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Экономист, заңгер.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Қаржы министрлігінде маман болып бастаған.

1996-1999 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының аға салық инспекторы, ҚР Мемлекеттік салық комитетінде бас салық инспекторы.

1999-2001 – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі кірістерді талдау және болжау департаментінде бас маман, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2001-2003 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

2004-2007 жылдар аралығында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық талдау және жоспарлау депараментінің басқарма бастығы, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2007 жылы – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Палата депутаттарының, оның тұрақты комитеттерінің, бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметін құжаттамамен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі функцияларына мыналар кіреді: келіп түсетін заң жобаларының Парламент Мәжілісі Регламенті талаптарына сәйкестігін тіркеу алды тексеруді жүргізу, депутаттық сауалдарға мониторинг жүргізу; Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары үшін, Мәжілістің жалпы отырыстары үшін материалдарды көбейту; Парламент, Мәжіліс қабылдайтын барлық актілер бойынша қол қойылған материалдарды ресімдеу; Мәжілістің заңнамалық және өзге де актілерінің мәтіндеріне лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру; қызметтік хат-хабарлар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және талдау; Парламент Мәжілісінің ғимараттарында рұқсат беру режимінің сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастыру.