Өмірбаяны

Жеке парағы
БЕКТҰРҒАНОВ Ерсұлтан Өтеғұлұлы
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1952 жылы Қарақалпақстан Республикасының Тақтакөпір ауылында туған.

1976 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, 2004 жылы Л.Н. Гумилев атандағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының мұғалімі болып жұмыс істеген.

1979-1984 жж. - Жамбыл электр желілері кәсіпорнының аға инженері, қызмет бастығы, Талдықорған облысы Қапал ауданының механикаландырылған жылжымалы колоннасының инженері.

1984-1990 жж. – Талдықорған облысы Қапал аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, партия комиссиясының төрағасы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

1990-1991 жж. – Талдықорған облыстық партия комитетінің ұйымдастыру–партия және кадрлар жұмысы бөлімінің жауапты ұйымдастырушысы.

1991-1992 жж. – халық депутаттары Талдықорған облыстық кеңесі аппаратының, Талдықорған облысының әкімшілігі басшысы аппаратының жетекшісі.

1992-1993 жж. – Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы күрес комитетінің Талдықорған облысы бойынша төрағасы.

1993-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы (Алматы қаласы), Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы–Консулдық бөлімнің меңгерушісі (Бонн қаласы).

1995-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының көмекшісі.

1996-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ұйымдастыру – бақылау жұмысы және кадр саясаты Басқармасының кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Президент Кеңсесі бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.

2012 - 2016 ж.ж. - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2016 жылғы наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен, «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, 4 медалі бар.

«Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» атағы берілген.

Дипломатиялық дәрежесі – 1 – ші сыныпты кеңесші.

Үйленген, екі баласы және немерелері бар.

Жеке парағы