Өмірбаяны

Жеке парағы
ЖАРАСОВ Жанат Абдоллаұлы
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ф.Э.Дзержинский атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін бітірген. Генерал-майор.

1973-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау департаментінің бастығы.

2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы.

2009 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

2016 жылғы наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының 2016 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі.

ІІ дәрежелі «Даңқ», "Парасат" ордендерімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.

Үйленген, үш баласы бар.

Жеке парағы