Өмірбаяны

Жеке парағы
НҰРКИНА Айгүл Қабдешқызы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1966 жылы Павлодар қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді (1987ж). Заңгер. Отбасы құқығы, экологиялық құқық, адвокаттық қызмет бойынша маман.

Университетті бітіргеннен кейін Павлодар қаласы Индустриялық аудандық атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру инспекторы (1990-1993 жылдар); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының Павлодар филиалында директордың өндiрiстiк практика жөніндегі орынбасары, кейіннен оқытушы (2000-2004 жылдар) болып жұмыс істеді.

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында жұмыс істеген кезінде негізгі жұмысымен қатар қоғамдық жұмыспен белсенді айналысты. 2001-2004 жылдары негізгі мақсаты халыққа тегін заңгерлік консультациялық көмек көрсету, халықтың аз қамтылған топтарына заңгерлік және адвокаттық қолдау көрсету болып табылатын «ЗАҢГЕР» қоғамдық қорын құрып, оны басқарды. Жыл сайын жоғары курстың студенттері – дипломды болашақ заңгерлер – оқытушысымен бірге осы қорда халыққа тегін заңгерлік қызмет көрсетіп, практикалық жұмыс дағдыларын шыңдаған.

Сол жылдары өз өңірінің саяси өміріне белсенді араласа бастады. 2004 жылы «Асар» Республикалық партиясы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының хатшысы (2004-2006 жылдар) болып тағайындалды.

2006 жылы «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2006-2011 жылдар) болып тағайындалды.

2007 жылы Павлодар облыстық мәслихатының депутаты (2007-2011 жылдар) болып сайланды.

2011 жылы «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып ұсынылды және депутаты (2012-2016 жылдар) болып сайланды.

2016 жылы «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2016 жыл - бүгінгі күнге дейін) болып сайланды.

Павлодар қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Павлодар қаласы Саясаткер әйелдер клубының мүшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының, Павлодар облысы әкімінің Алғыстары бар, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, белсенді жұмысы үшін және өз қызметіндегі жетістіктер үшін «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісімен наградталды (2011-2016 жылдар).

Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдары.

Тұрмыста, екі баласы бар.

Жеке парағы