Өмірбаяны

Жеке парағы
СМАҒҰЛ Бақытбек
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының "ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының төрағасы, РҚБ «Әмбебап жекпе-жек федерациясының» президенті, «Қазақстан Республикасының әскери-патриоттық спорттық клубтар Федерациясының» төрағасы

1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

1975-1978 жж. Казалы қаласындағы кәсіптік техникалық училищесін аяқтаған.

1979-1981 жж. Совет Армиясы қатарында арнайы дайындықтан өтіп, 27 желтоқсанда Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқарған.

1982-1985 жж. Алматы құрылыс техникумын бітірген.

2000-2004 жж. Орталық Азия Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдаған.

2004-2008 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.

1985-1989 жж. Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс жөндеу басқармасында инженер-техқадағалаушы қызметін атқарды.

1989-2005 жылдар аралығында жеке секторда әртүрлі жоғары лауазымдар атқарған.

2012 ж. Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының "ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ" қауымдастығының төрағасы

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап, бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап, алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Қызылорда облысының Қазалы ауданының және Алматы облысының Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы»

ҚР II-ші дәрежелі «Айбын», "Құрмет" ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.

Таэквон-додан 5-ші дан, қара белбеу иегері.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі.

Елбасының тапсырмасымен "Алғашқы әскери дайындық" пәнінің Мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасаушы.

Бақытбек Смағұл – «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Мемлекет басшысының 2016 жылғы 2 ақпанындағы №187 Жарлығымен салтанатты шерулерде сәлемдесу рәсіміне «Сәлеметсіздер ме?» деген сөздердің орнына «Армысыздар, айбынды сарбаздар!», ал күнделікті әскери қызметте «Армысыңдар, сарбаздар (жауынгерлер)!», «Армысыздар, офицер мырзалар!» деген ұсынысы енгізілді.

ҚР Қорғаныс министрі бекіткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Ар-Намыс кодексінің» авторы.

Бақытбек Смағұл – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

«Ауғанның от жалыны», «Оқ пен Отан» өлеңдер жинақтарының; «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қазақтың Қара майоры», «Король Панджшера», «Қаһарман», «Герой», «Тағдыр тозағы», «Ад судьбы», «Қолбасшы күнделігі – Дневник полководца» секілді орыс және қазақ тілдерінде шыққан кітаптардың авторы.

Жеке парағы