Өмірбаяны


БЕКБАНОВА Жанар Рустемқызы
Парламент Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары
1975 жылы 26 мамырда туған.

Білімі жоғары:

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Филолог, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы; заңтану бакалавры; құқық магистрі.

1996-2006 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Қарағанды облыстық филиалында режиссердің ассистенті, тілші, репортер, редактор-тілші, редактор қызметтерін атқарды.

2006-2009 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы, Баспасөз қызметінің басшысы.

2009-2010 жылдар аралығында – «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2010-2012 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Баспасөз қызметінің басшысы.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары.

2018 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.