Өмірбаяны


ЖҮГІНІСОВ Жаслан Есенғалиұлы
Парламент Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары
1978 жылы 17 сәуірде туған.

Білімі жоғары: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Жалпы практикалық дәрігер, кәсіптік жоғары білімді заңгер.

Еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе қаласындағы «Рамазан» ЖШС менеджері болып бастады.

2004-2006 жылдары – «Тянь Шань Ақтөбе» ЖШС директоры.

2006-2008 жылдар аралығында – Ақтөбе қаласы прокуратурасында прокурор көмекшісі, аға көмекшісі, мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2008-2011 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратында депутат көмекшісі, Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2011-2012 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2012-2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы.

2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Парламент Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі лауазымында болды.

2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.