Өмірбаяны


МАХАЕВ Дастан Рамазанұлы
Парламент Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары

1983 жылы 23 сәуірде туған. Білімі жоғары: Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, заңгер. Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде маман болып бастады.

2010-2011 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының көмекшісі.

2011-2012 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Орталық Аппараты Хатшылығының меңгерушісі.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі.

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.

2016 жылдың маусым айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградталған. «Құрмет» орденімен наградталған.