"Ақпарат-талдау бөлімі"

Құбаш Асылбек Сайлыбекұлы
Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі
1973 жылғы 22 сәуірде Атырау облысы Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылында туған.

Білімі жоғары: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін үздік бітірген. Саясаттанушы, саяси ғылымдардың оқытушысы.

1997–2002 жылдары –Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде консультант, референт, үшінші, екінші хатшы.

2002–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитеттің бөлім бастығы.

2004–2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, басшысы.

2008 жылдан бастап 2012 жыл аралығында – «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Отан» ХДП Орталық Аппараты Стратегиялық даму департаментінің, Саяси жоспарлау департаментінің директоры.

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, бірқатар мерекелік медальдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісінің заңнамалық қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Парламент қызметінің негізгі бағыттары, отандық және шетелдік заңнама бойынша ақпараттық-анықтамалық қорлар мен деректер банкін қалыптастырады. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді ұдайы жинауды, сақтауды және оларды бақылаудағы жай-күйде қолдауды жүргізеді (қағаз және электрондық түрде).

Депутаттардың және Палата аппараттары қызметкерлерінің қызметін кітапханалық-библиографиялық жағынан қамтамасыз етеді.

Құқықтық ақпарат, заңнаманы есепке алу және жүйелеу секторында нормативтік құқықтық актілер жіктеліп, «Заңнамалық актілер» деген дерекқорға енгізіледі.

Бөлімде «Құқықтық ақпарат», «Анықтамалық құқықтық ақпарат» анықтамалық-құқықтық жүйелері және «Ирбис» интеграцияланған кітапханалық-ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Бөлім қаралатын заң жобалары мен өзге де құқықтық актілерге ақпараттық-анықтамалық және талдамалық шолулар, экспресс-ақпараттар дайындайды және басып шығарады.