"Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Мәутенбаева Клара Азқанқызы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1963 жылы 7 қыркүйекте туған

Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

1985-1988 жылдары Алматы қ. Совет аудандық атқару комитетінің Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде инспектор, аға инспектор;

1988-1991 жылдары - Қазақ политехникалық институты факультетінің комсомол комитетінің хатшысы, Алматы қ. Калинин аудандық комсомол комитеті оқушы жастар бөлімінің меңгерушісі, аудандық комсомол комитетінің хатшысы;

1991-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнаманы насихаттау және жүйелеу басқармасының жетекші консультанты, бас консультанты, Қоғамдық және діни бірлестіктер істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары;

1996-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі;

2004-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Заңнама және құқықтық реформа комитетімен өзара байланыс жасау, Экономикалық және өңірлік саясат комитетімен өзара байланыс жасау, Сараптама, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары;

2013 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет Грамотасымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.