Өмірбаяны

Жеке парағы
ДӘУРЕНБАЕВ Амангелді Айдарұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1967 жылы 31 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында туған. Алматы зооветеринариялық институтын және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

06.1991 - 12.1997 жж. – Алматы облысы Жамбыл ауданы «Ұзынағаш» кеңшарының зоотехнигі.

11.1999 - 10.2000 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл ауданы бойынша аумақтық басқармасының бас инспекторы.

10.2000 - 09.2003 жж. – Алматы облысы Ауыл шаруашылығы департаменті өндірістік бөлімінің бастығы.

09.2003 - 11.2007 жж. – Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі.

11.2007 - 05.2009 жж. – Алматы облысы Қарасай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы.

05.2009 - 10.2009 ж. – Райымбек ауылдық округінің әкімі.

11.2010 - 04.2011 жж. – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ бас менеджері.

04.2011 - 05.2011 ж. – Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округінің әкімі.

05.2011 - 07.2011 ж. – Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

07.2011 - 09.2011 ж. – Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

09.2011 - 03.2016 жж. – Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен наградталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Жеке парағы