Өмірбаяны

Жеке парағы
ЕРАЛИЕВ Абзал Жұмашұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1960 жылы Қызылорда облысы, қазіргі Сырдария ауданының Нағи Ілиясов атындағы ауылдық округінде дүниеге келді.

1982 жылы инженер – құрылысшы мамандығы бойынша Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалын бітіріп шықты.

1982 – 1984 жылдары Ресей Федерациясының Череповец қаласында Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын атқарды.

1984 – 1994 жылдары Қызылорда үй құрылыс комбинатында құрылыс шебері, прораб, монтаждау учаскесінің бастығы болып жұмыс жасаған.

1994 жылдан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін – күріш өсірумен айналысатын және оны өңдейтін «Абзал және Компания» толық серіктестігінің директоры.

2008 жылдан бастап қоғамдық негізде Облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті болып сайланды.

2011 жылдан бастап – «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2012 жылдың қаңтарынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін Қызылорда облыстық маслихатының депутаты болды.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елге жасаған ерен еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен алтын жұлдызы берілді.

«Қызылорда облысының құрметті азаматы», «Қызылорда облысы Сырдария ауданының құрметті азаматы» атақтарының иегері.

«Отан», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.

2012 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан айрықша үлесі үшін «Меценат» алтын медалімен марапатталған.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің «Құрметті Құрылысшы» төсбелгісін және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін алды.

«Алтын жүрек» Ұлттық қоғамдық премиясының «Спортты қолдау және дамыту» аталымы бойынша лауреаты (2015 ж.).

«Халық сүйіктісі - 2015» Ұлттық премиясының «Жыл кәсіпкері» аталымы бойынша лауреат.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі.

Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы