Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚҰСАЙЫНОВ Серік Досымханұлы
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1964 жылғы 8 мамырда Алматы облысының Шамалған станциясында туған. Қазақ.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Еңбек қызметін 1989 жылы Алматы монтаждау басқармасында шебер болып бастаған.

1991-1993 – Алматы монтаждау басқармасы өндірісті дайындау учаскесінің инженері.

1993-1994 – Алматы монтаждау басқармасының жетекші инженері.

1994-1995 – Жаңашамалған ауылдық әкімшілігі басшысының орынбасары.

02.1995-06.1995 – Қаскелең аудандық электр желілері «Алматыэнерго» Алматы электр желілері кәсіпорны бастығының жалпы мәселелер бойынша орынбасары.

1995-1996 – Қаскелең аудандық электр желілерінің бас инженері.

1996-1997 - «Алматы Пауэр Консолидейтед» компаниясының бас инженері.

1997-1998 - Қаскелең аудандық электр желілерінің бастығы.

1998-2001 - АПК АЭТК Қаскелең аудандық электр желілерінің бастығы.

2001-2005 - АПК ҚЭТЖ бас инженері.

2005-2007 – АПК ҚЭТЖ басқарушы директоры.

07.2007-09.2007 - АПК АЭТК басқарушы директоры.

2007 - Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

2007-2008 – АПК басқарушы директорының даму жөніндегі орынбасары.

2008-2011 – Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.

2011-2012 – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2012-2016 – Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партия фракциясының мүшесі

«Құрмет» орденімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", "Астана 20 жыл" мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі.

Үйленген, 4 баласы бар.

Жеке парағы