Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚАРАТАЕВ Фахриддин Әбдінабиұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1963 жылы 5 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келді. «Жеңіл өндіріс машина аппараттарының инженер механигі» мамандығы бойынша Жамбыл технологиялық жеңіл өндіріс институтын бітірді.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл тері шікізат заводы цехының 2-разрядты тараз өлшегіші болып бастаған.

1981 - 1982 жж. - Жамбыл тері шікізат заводы цехының тері тақтаушысы.

1984-1985 жж. - Жамбыл тері тазалау заводы цехының тараз өлшегіші.

1985-1987 жж. - Жамбыл ауданының бидай жинау қоймасының даярлаушысы, жұмысшысы.

1987 ж. қыркүйек - қазан - Қаратау фабрикасының 6-разрядты жұмысшысы.

1987-1991 жж. - Ақсу өндірістік комбинатының жұмысшысы, аға шебері, жабдықтау және өткізу бөлімінің бастығы.

1992- 1993 жж. - шыны ыдыс цехының басшысы, аға жабдықтаушы.

1993-1994 жж. - «Фрунзе» совхозының бас инженері.

1996 – ж. сәуір - шілде - Қарабұлақ ауыл округінің әкімі қызметін уақытша атқарушысы.

1996 - 2004 жж. - Қарабұлақ ауыл округінің әкімі.

2004 ж. маусым - қараша - Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі.

2004-2006 жж. - «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы.

2006 ж. наурыз - қазан - Сайрам ауданы әкімінің орынбасары.

2007-2012 ж. - «Нұр Отан» ХДП Сайрам аудандық бөлімі төрағасының бірінші орынбасары.

2012-2015 жж. - жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

2015 - 2016 жж. - «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық саяси газетінің директоры - бас редакторы.

2016 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің VI - шақырылым депутаты.

Ф.Ә. Қаратаев - кітаптардың авторы: «Ел жүрегінде 25 жыл. Эл қалбида 25 йил» және «Қарабұлақ ХХI – ғасыр босағасында».

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Парламентіне 20 жыл», медальдарымен және 2001ж., 2005 ж. ҚР Президентінің Құрмет грамоталары, 2011 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның «Алғыс хаты», 2018 жылы II - дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған.

Сүйікті ісі: спорт, өнер, шығармашылық.

Үйленген, үш балалары бар.

Жеке парағы