Өмірбаяны

Жеке парағы
МАМРАЕВ Бейбіт Баймағамбетұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы
1957 жылдың 05 ақпанында Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген.

Ғылым докторы, профессор, академик.

Еңбек қызметін 1973 жылы Қарағанды облысының Чкалов атындағы совхоз жұмысшысы ретінде бастаған.

1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап Қарағанды кооперативтік институтына оқытушы ретінде шақырылған.

1983-1986 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Әдебиет кафедрасы аспиранты.

Диссертация қорғағаннан кейін Қарағанды университеттерінде оқытушылық қызметпен айналысқан, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті болған.

1989 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясына ғылыми-зерттеушілік қызметіне көшкен. ҚР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында басшылық жұмыс атқарған. Қоса атқарушылық бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры болып жұмыс істеген.

2000-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы секторының меңгерушісі.

2004-2006 жылдары Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінде Кеңесші-Уәкіл қызметін атқарған.

2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы.

2008 жылдан 2012 жылға дейін «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМҚК ректоры.

2012-2016 жылдары «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ректоры.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі.

200 астам ғылыми басылымдардың авторы, оның ішінде шетел басылымдары.

«Құрмет» орденімен (2011ж.), ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаттарымен (2007ж., 2011ж. 2015ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» (2015ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015ж.) мерейтойлық медальдармен, «Hұp Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медалімен (2011ж.), ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының (2015ж.), Қалмақ Республикасы Үкіметінің (2014ж.) Құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін», ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қайсар» (2011ж.), Ұлттық олимпиада комитетінің (2009ж.) құрмет белгілерімен, РФ Қарулы күштерінің «За заслуги» озат белгісімен (2010ж.) марапатталған. Сонымен қатар, Монғолияның «Баян-Өлгейге 70 жыл» (2010ж.), «Монғолия төңкерісіне 90 жыл» (2011ж.), «За вклад в развитие корейцев Казахстана» Қазақстан кәрістер Ассоциациясының (2015г.) медальдарымен марапатталған.

Жеке парағы