Өмірбаяны

Жеке парағы
МҰСЫРМАН Кәрібай Иманжанұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы
1957 жылы бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Дәуқара ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Володар элеваторының жұмысшысы болып бастаған.

1981-1985 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің тілшісі, Жамбыл және Преснов аудандары бойынша меншікті тілшісі.

1985-1990 жылдары – Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Щучье және Еңбекшілдер аудандары бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакторы орынбасарының міндетін атқарушы.

1990-1992 жылдары – республикалық «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің Көкшетау облысы бойынша меншікті тілшісі.

1992-1997 жылдары – Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы.

1997-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы.

2007-2016 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар – Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас редакторы.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап – VІ шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Наградалары:

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі (2001 ж.);

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005 ж.);

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Алтын жаршы» төс белгісі (2005 ж.);

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2006 ж.);

«Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның құрметті журналисі» төс белгісі (2009 ж.);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.);

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі (2014 ж.);

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).

Шахмат ойнайды және өлең жазады.

Үйленген. Зайыбы – Мұсырман Ақжүніс Шаяхметқызы (1959 ж.), тарих ғылымдарының кандидаты, полковник. Ұлы – Мұсырман Жалғасбек (1996 ж.).

Жеке парағы