Өмірбаяны

Жеке парағы
НҰРМАНБЕТОВА Жәмилә Нүсіпжанқызы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1964 жылы 22 ақпанда Алматы облысы Балхаш ауданында дүниеге келген.

1981-1986 жж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «философия» мамандығын үздік тәмамдады.

1986-1989 жж. – КСРО ҒА философия институтының аспирантурасы (Мәскеу), философия ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация.

1999 – 09.00.11 ж. - ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтында «Әлеуметтік философия» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

2004 ж. – профессор атағын иемденді.

2013 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) корреспондент мүшесі

1989-1999 жж. – Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Философия және саясаттану институты Алматы қ.

1989 ж. - әлеуметтік философия және этика бөлімінің аға лаборанты;

1989 ж. - әлеуметтік философия және этика бөлімінің ғылыми қызметкері 1992ж. - мәдениет философиясы және саясат бөлімінің ғылыми қызметкері 1993 ж. - мәдениет философиясы және саясат бөлімінің аға ғылыми қызметкері;

1996 ж. - ғылым философиясы және техника бөлімінің аға ғылыми қызметкері.

2000-2016 жж. – Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті: 2001-2002 жж. –философия кафедрасының меңгерушісі.

2003-2004 жж. - оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор.

2004-24.03.2016 жж. ЕҰУ бірінші проректоры.

24.03.2016 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ҮІ шақырылым депутаты.

Қоғамдық-саяси және білім беру қызметі:

Ғылыми-мүдделері: философия антропологиясы, әлеуметтік философия, философия және ғылым әдістемелігі, қазіргі шетелдік философия, білім философиясы. Жүзден аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік , оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. 2006-2009 жж. «Философия тарихы» және «Әлеуметтік философия» мамандықтары бойынша ғылыми дәрежені іздестіру диссертациясын қорғау диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.

«Нұр Отан» ХДП «Нұр» Астана қалалық филиалының төрағасы.

Марапаттары:

«ҚР білім берудің құрметті қызметкері» - 2001 ж. «Ы.Алтынсариннің төсбелгі медалі – 2008 ж., «Құрмет» ордені 2008 ж., «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағы 2014 ж., «10 жыл Астана» мерейтойлық медалі - 2008 ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» 2011, «Қазақстан Халық Ассамблеясына 20 жыл» 2015 ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» 2015 ж.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Үш бала тәрбиелеп отыр

Алпыс Алпамыс Саяхатұлы -1993 ж. – ұлы.

Алпыс Бибісара Саяхатқызы – 1996 ж. – қызы

Алпыс Нұрлыжан Саяхатұлы – 2004 ж. – ұлы.

Жеке парағы