Өмірбаяны

Жеке парағы
ОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1961 жылдың 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. Семей қаласының Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттын және Қазақстан-Ресей университетін бітірді. Физика-математикалық ғылымдарының кандидаты.

1983-1984 жылдары Семей қаласы №36 орта мектебінің мұғалімі.

1984-1986 жылдары Екібастұз қаласы кентау техникумының физика мұғалімі.

1986-1990 жылдары Екібастұз қаласы СПТУ-14 физика мұғалімі.

1990-1994 жылдары «Азат» ШК-ның ғылыми қызметкері.

1994-1999 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.

1999-2008 жылдары Екібастұз қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филиалының директоры.

2008-2009 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-ның коммерциялық директоры.

2009 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.

2010-2016 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-нің бас директоры.

2010 жылдан бастап «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті.

2016 жылдың 24-наурыздан бастап алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, партиялық тізімі бойынша сайланған.

Паралимпиядалық спорттың дамуына үлес қосқаны үшін «Қайсар Тұлға» премиясының лауреаты.

Жеке парағы