Өмірбаяны

Жеке парағы
БЕКТҰРҒАНОВ Әбдіманап Елікбайұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1958 жылы 28 тамызда Шымкент облысы, Келес ауданы, Абай ауылында туды. Қазақ. Білімі жоғары.

1976 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетінің «Құқықтану» мамандығына оқуға түсті.

1981 жылы аталған университетті үздік аяқтап, сол факультеттің ауылшаруашылығы және экологиялық құқық кафедрасына ассистент қызметіне жұмысқа қалды.

1988 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Правовое обеспечение рационального использования орошаемых земель» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

1981-2001 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, заң факультетінің деканы, экономика және құқық институты директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.

2001 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың сәуір айына дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ректор қызметін атқарды.

2008 жылдың сәуірінен 2016 жылғы сәуірге дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ректор қызметін атқарды.

Үйленген, төрт баланың әкесі.

Жеке парағы