Өмірбаяны

Жеке парағы
КЕСЕБАЕВА Балаим Туғанбайқызы
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1966 жылы Шымкент облысы Киров ауданы Жамбыл колхозында туған. Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалавриатын бітірген.

1985 – 1993 жылдар – Талдықорған заң техникумының, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.

1985 – 1988 жылдар – Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңсе меңгерушісі.

1993 – 1994 жылдар – Алматы қаласындағы «Шахар» архитектура-жобалық кооперативінде іс жүргізуші.

1994 – 1998 жылдар – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңесшісі, бас кеңесшісі, бас маманы, бөлім бастығы.

1999 – 2002 жылдар – Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары.

2002 – 2004 жылдар – Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы.

2004 – 2009 жылдар – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры.

2009 – 2016 жылдар – Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы.

2012 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Отбасылы, екі баланың анасы.

Жеке парағы