Өмірбаяны

Жеке парағы
ОЛЕЙНИК Василий Иванович
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
Молдавия КСР Бельцы қаласында 1956 жылғы 3 наурызда дүниеге келген.

1980 жылы Ф.Дзержинский атындағы Харьков заң институтын бітірген, аға әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері.

1980-1985 жылдары – Молдавия КСР-і Рышкан ауданының прокуратурасының қызметкері.

1985-1987 жылдары – Украина КСР-і Донецк облысының прокуратурасының қызметкері.

1987-2001 жылдары – Семей облысы Семей қаласындағы Калинин, Ленин аудандарының, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының прокуратураларында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкері.

2001-2002 жылдары – Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2002-2005 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

2006-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің Басқарма бастығы, жоғарыда аталған департамент бастығының орынбасары, Қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің Басқарма бастығы.

2010-2010 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы прокурорының табиғатты қорғау заңнамасын қолданудың заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі.

2010-2012 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы.

2012-2015 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі.

Наградалары:

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені (2015 ж.),

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2008 ж.),

«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008 ж.),

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.),

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001 ж.),

«Прокуратура Ардагері» медалі (2011 ж.),

«Қазақстан Республиқасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медалі,

I, II және III дәрежелі «Міңсіз қызметі үшін» медалі,

«Шығыс Қазақстан обласының прокуратурасына 75 жыл» медалі.

Жеке парағы