Өмірбаяны

Жеке парағы
СУСЛОВ Александр Васильевич
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1960 жылы 18 қаңтарда Ресейдің Алтай өлкесі Залесовский ауданы Тундриха селосында туған. Ұлты орыс.

Білімі жоғары. 1977 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Сібір Металлургиялық институтына түсіп, 1982 жылы оқу орнын «Болат пен ферроқорытпа электрометаллургиясы» мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі: инженер-металлург.

1982 - 1984 жылдар аралығында Кеңес Армиясында аға лейтенант шенінде әскери борышын өтеді.

1984 - 1986 жылдары - Ермак ферроқорытпа зауыты (бұдан әрі - ЕФЗ) № 2 цех балқытушысы, Ермак қаласы;

1986 - 1988 жылдары - ЕФЗ № 2 цех негізгі өндірістік участогының шебері;

1988 - 1990 жылдары - ЕФЗ № 2 цехының ауысым бастығы;

1990 - 1996 жылдары - ЕФЗ № 2 цех ыстық жұмыстар участогының аға шебері;

1996 - 2003 жылдары - ЕФЗ № 2 цехының бастығы;

2003 - 2004 жылдары - Ақсу ферроқорытпа зауытының (бұдан әрі - АФЗ) өндірістік-техникалық басқармасының басшысы, Ақсу қаласы;

2004 - 2008 жылдары - АФЗ директорының өндіріс және экология бойынша орынбасары;

2008 - 2016 жылдары - АФЗ техникалық директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты болып сайланды.

Келесі наградалар мен көтермелеулері бар:

- зауыттың 35 жылдығына орай Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциациясының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2003 жыл);

- үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісі (салалық кеуде белгісі) (2004 жыл);

- екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісі (салалық кеуде белгісі) (2006 жыл);

- бірінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісі (салалық кеуде белгісі) (2010 жыл);

- Ақсу қаласына сіңірген еңбегі үшін берілген наградалар (2011 жыл);

- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы, 2014 жылғы 5 желтоқсан.

Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы