Өмірбаяны

Жеке парағы
ШАРАПАЕВ Петр Анатольевич
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы, Знаменское селосында туған. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Қорған мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясын аяқтаған.

Еңбек жолын жоғарғы оқу орнына түскенге дейін 1988-1989 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Бескөл құс фабрикасының құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған.

1989-1991 жылдар - Кеңес армиясы қатарында болған.

1991 жылы - Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Бескөл құс фабрикасы қоймасының жұмысшысы.

1994-1995 жылдар аралығында - «Радуга» ЖШС бухгалтері, Петропавл қаласы.

1995-1999 жылдар аралығында - «ЦентрБанк» СҚФ-ң эксперт-экономисі, Петропавл қаласы.

1999-2015 жылдар аралығында - «Шарапаев П.А» ЖК директоры, Петропавл қаласы.

2002-2016 жылдар аралығында - «Радуга» ЖШС атқарушы директоры, Петропавл қаласы.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы