Өмірбаяны

Жеке парағы
КЛИМЕНКО Иван Иванович
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1970 жылы 2 тамызда Қостанай облысы Жітіқара ауданының Мықтыкөл кентінде туған. Білімі - жоғары.

1987-1994 жж. – Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында дәрігер-педиатр мамандығы бойынша білім алған.

2011 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ЕМВА – атқарушы іскерлік әкімшілік ету магистрі атағын алды.

2007-2012 жж. – Омбы мемлекеттік медициналық академиясында фармация мамандығы бойынша білім алған, фармацевт-провизор мамандығы берілді.

1994 жылдан 2016 жыл бойынша – Кәсіпкер.

2015 жылы Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Қауымдастығы кеңесінің мүшесі, Қостанай қ.

Біліктілігін арттыру жөніндегі ақпарат: 2010 жыл – Аояма Гакуин университеті, Токио, Жапония (Жапониядағы кәспкерлік курсы); 2011 жыл – Солтүстік-шығыс университеті, Бостон, АҚШ (Американдық бизнес және тәжірибе курсы); 2014 жыл – Назарбаев университеті, Астана (Leadership Foundation for Higher Education базасындағы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының бақылау кеңестері мүшелерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы).

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 20 жыл» (2012), «Қазақстан Республикасының Конституциясына - 20 жыл» (2015) мерейтойлық медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» (2019) медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталған.

Екі баласы бар.

Жеке парағы