Өмірбаяны

Жеке парағы
САПАРОВА Әлия Сүйіндікқызы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1984 жылғы 12 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Қазанбасы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін 2006 жылы «журналистика» мамандығы бойынша, 2010 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Алау-ТВ» облыстық телеарнасының бағдарлама жүргізушісі болып бастаған.

2006 жылдан бастап А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тәрбие ісі және қоғамдық келісім жөніндегі проректордың орынбасары, проректор, тәрбие ісі және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2010 жылы Қостанай облысының Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2012-2014 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманы басқарған.

2014 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Партиялық тізім бойынша сайланды.

Жеке парағы