Өмірбаяны

Жеке парағы
ОСПАНОВ Берік Серікұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы
1976 жылы 29 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы басқару және экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Орталық - Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1997 жылы Мыңбаев атындағы тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында экономист болып бастаған.

2001-2002 жылдары - Экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру (ЭАӨК) және ауылдық аумақтарды дамыту (ААД) ғылыми – зерттеу институтында (ҒЗИ) аға ғылыми қызметкер.

2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлім бастығы.

2003-2004 жылдары - ЭАӨК және ААД ҒЗИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары.

2004-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту стратегиясы департаментінің директоры.

2009 жылы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті.

2009-2015 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2015-2016 жылдары - «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап − алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссиясының төрағасы.
2019 жылғы ақпаннан бастап − Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2012) және «Тыңға 50 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015) және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2014) мерейтойлық медальдарымен наградталған. Үйленген, үш баласы бар.

Жеке парағы