Өмірбаяны


МЕДЕУБАЙ Дархан Аманбекұлы
Парламент Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары

1978 жылы 19 қыркүйекте туған.

Білімі жоғары: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, инженер; Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті,қаржы бакалавры.

Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысы Қарағанды қалалық салық комитетінде бас маман болып бастады.

2005-2009 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы.

2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының көмекшісі, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Ұйымдастыру-партиялық жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мәжіліс Төрағасының көмекшісі, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мәжіліс Төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының инспекторы.

2015-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылдың маусым айынан бастап – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

Қазақстан Республикасының бірқатар мерекелік медальдарымен марапатталған.