Өмірбаяны


Ким Марина Викторовна
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1962 жылы 31 наурызда туған.

Білімі жоғары: Омск политехникалық институты, инженер-технолог; «Әділет» Жоғары құқық мектебі, заңгер.

Еңбек жолын 1984 жылы Омск қаласының А.Попов атындағы радио зауытында конструкторлық бюро инженері болып бастады.

1986-1990 жылдары – Шу қаласының балабақшасында музыка маманы.

1990-1992 жылдары – «Білім» қоғамының Шу қалалық ұйымында жауапты хатшы.

1992-1993 жылдары – Халық депутаттарының Шу қалалық кеңесінде референт, аға референт.

1993-1998 жылдары – Шу қаласы әкімінің аппаратында Әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша консультант, Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы, бөлім меңгерушісі.

1998-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында Комитеттермен және депутаттық фракциялармен жұмыс жөніндегі бөлімнің сектор меңгерушісі, бас консультанты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2010-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылғы қазан 2017 жылғы сәуір аралығы – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

2017 жылғы сәуір айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.