Өмірбаяны


АЙДАРБЕКОВ Серік Кенғанұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы
1975 жылы 4 маусымда туған. Білімі жоғары: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (бакалавриат, магистратура), Э.Маттеи атындағы Жоғары мектебін (Италия), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Экономист, менеджмент саласының маманы; экономика мастері, тау-кен инженері-мұнайшы. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде Инвестициялық саясат департаментінің жетекші маманы болып бастады.

1997-1999 жылдары «Қазақойл» ҰҚ» ЖАҚ Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің аналитигі, Жобаларды басқару департаментінің аға аналитигі.

1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өнеркәсіп және инфрақұрылым бөлімінің консультанты болып еңбек етті.

2002-2004 жылдары – «Agip KCO» компаниясы қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің кеңесшісі, менеджері.

2004-2006 жылдары кәсіпкерлік қызметте болды.

2006-2007 жылдары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ бас сарапшысы.

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2010-2012 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары.

2012-2014 жылдар аралығында – Атырау қаласының әкімі.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен наградталған.