Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Қасенов Ерке Мұратбекұлы
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1972 жылы 26 қазанда туған.

Білімі жоғары: Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Инженер-экономист, заңгер. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында менеджмент кафедрасының оқытушысы болып бастады.

1998-2000 жылдары – М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, Жамбыл экономика және құқық колледжінің директоры.

2000-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде қызмет атқарған.

2005-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының көмекшісі, Ақпарат-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі, бас консультанты, Экономикалық және өңірлік саясат комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2011-2014 жылдары - ҚР Парламенті Сенатының Аппараты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2014-2017 жылдар аралығында ҚР Парламенті Сенатының Аппараты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.