Өмірбаяны


Келсейтов Ерғали Нұрмаханұлы
Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі
1976 жылы 13 қазанда туған. Білімі жоғары. Алматы халықаралық журналистика институтын халықаралық шолушы-журналист, аудармашы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесінің Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.

2000-2002 жылдары – «КАЗВОМ» ЖШС заңгер-консультант, Астана қаласы бойынша филиалының директоры.

2002-2018 жылдары Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі, Мәжіліс Аппараты Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.