Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
АДАМБЕКОВ Тілектес Серікбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1989 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында туған.

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Тунцзи Университетінде (Шанхай, ҚХР) телекоммуникацияны зерттеді. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді.

Президенттік жастар кадрлық резервінің финалисті.

Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген.

Үйленген, үш ұл тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын 2015 жылдың қазан айында «Kazakh-Chinese Center of Cooperation «Silk Road» ЖШС бас директоры ретінде бастады.

2016 және 2017 жылдары "Astana Innovations" АҚ Инвестициялар және әріптестік бойынша басқарушы директоры.

2017 жылы – Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығы бас директорының орынбасары.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Eurasia Blockchain Fintech Group Limited жеке компаниясының бас директоры қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпан-тамыз аралығында «Қазпочта» АҚ-да IT-инфрақұрылым бойынша атқарушы директор қызметін атқарды.

2021 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.

2023 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Жеке парағы