"Заңнама бөлімі"

Тілеухан Нәркес Төлекқызы
Заңнама бөлімінің меңгерушісі
1965 жылы 12 тамызда туған.

Білімі жоғары: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы болып бастады.

1988–1991 жылдар аралығында – Алматы қалалық Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы зейнетақы секторының ревизоры, инспекторы, зейнетақы бөлімінің меңгерушісі.

1991–1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жиынтықты-талдау бөлімінің бастығы, Зейнетақымен қамсыздандыру Бас басқармасының бастығы.

1994–1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының Заңнамалық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Уақытша жұмыс Аппараты заң жобаларымен жұмыс жөніндегі топтың жетекшісі.

1995–2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Заңнама және құқықтық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Заңнама бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды.

2000–2004 жылдары – Аппараттың Заң шығару қызметі және мониторингі орталығы директорының орынбасары, Заң жобаларымен жұмыс орталығының директоры, Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі.

2004 жылдың желтоқсан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Заңнама бөлімінің меңгерушісі.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Мәжілістің қарауына енгізілген заңдар мен өзге де заңнамалық актілердің жобаларына олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды береді; заң жобаларын қарау кезінде тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарына қатысады; ҚР заңнамасының қолдану практикасын зерделеу мен жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысады.